Accessibility links

АҚШ: Әлемде діни көзқарасы үшін қудалау жалғасып отыр


Аллаға құлшылық жасап отырған адам. Көрнекі сурет.
Аллаға құлшылық жасап отырған адам. Көрнекі сурет.
АҚШ мемлекеттік департаменті 2011 жылы әлем бойынша діни бостандықтың ахуалы туралы дәстүрлі баяндамасын жариялады.

Құжатта Бахрейн, Ирак, Ресей сияқты елдерде үкіметтің "экстремистік" деп санайтын топтарға қатысты саясаты қоғамда діни төзімсіздіктің күшеюіне және діни еркіндікті шектеуге себепкер болғаны айтылады. Былтыр әлем бойынша ар-намысты, қадір-қасиетті қорлау және жала жабу туралы заң баптары бұрынғымен салыстырғанда жиі қолданылғанына назар аударған мемлекеттік департамент оның діни бостандықтарды шектеуге негіз болғанын атап көрсеткен.

Ар-ождан бостандығын жүйелі түрде бұзатын елдер қатарында Қытай, Иран, Солтүстік Корея және Сауд Арабиясы аталған.

Сонымен бірге баяндамада әлемде антисемитизмнің және діни азшылық топтарға, нақты айтқанда, ахмадия, бахаи, будда және ұйғыр мұсылман топтарына қарсы төзімсіздіктің күшейгені айтылған.
XS
SM
MD
LG