Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуі мүмкін


Иран елінің компаниясының жүк контейнерін тиеген көлік. Көрнекі сурет.

Иран елінің компаниясының жүк контейнерін тиеген көлік. Көрнекі сурет.

АҚШ конгресінің сенаты мен өкілдер палатасының бір топ мүшесі Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдау туралы мәселені пысықтады.

Энергетика, жүк тасымалы және сақтандыру салаларында жұмыс істейтін ирандық компанияларға қарсы жаңа шектеулер енгізуді көздейтін бұл жоба конгрестің өкілдер палатасының сәрсенбі күні отырысында дауысқа қойылуы мүмкін.

Бұл санкциялар Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты енгізілетіні атап көрсетілген. АҚШ және батыс елдері Иран ядролық қару жасауға дайындық жүргізіп жатыр деп күдіктенеді. Бірақ ресми Тегеран оны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG