Accessibility links

Полиция "көзі жойылған топ" туралы ақпарат таратты


"Ахселькент" шағын ауданында атыс болған үйдің көрінісі. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
"Ахселькент" шағын ауданында атыс болған үйдің көрінісі. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
Алматы қаласының ішкі істер департаменті 31 шілде күні брифинг өткізіп, бір күн бұрын "Ахселькент" шағын ауданында полициямен атыс кезінде қаза тапқандардың аты-жөндерін жария етті.

Ресми мәлімдемеге сәйкес "бандалық топтың" жетекшісі Моңғолияда туған Дәулетбек Байұзақ болып шығады. Ол Павлодар облысында тұрып жатқан. "Байұзақ 2007 жылы 4,5 жылға сотталған болатын" деп хабарланды.

Арнайы операция кезінде оққа ұшқан топтың басқа мүшелері ретінде ШҚО тумалары Азамат Манханов, Қалдыбек Алпышев пен Елдар Жолдин, жамбылдық Асқар Өтепов және алматылық Айдос Бірімқұловтардың аты аталды.

ІІД өкілі олардың қандай да бір діни топқа қатыстылығын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG