Accessibility links

31 шілде күні Лондон олимпиадасында 63 кг салмақ бойынша сайысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Жұлқа және серпе көтеру бойынша Манеза көрсеткішін 245 килограмға жеткізді. Ресейлік және канадалық ауыр атлеттер күміс және қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы олимпиаданың төртінші күні үш алтын медальмен жалпы командалық есепте алтыншы орынға шықты.
XS
SM
MD
LG