Accessibility links

Майкл Фелпс 19 олимпиада медалінің иегері атанды


АҚШ спортшысы Майкл Фелпс.
АҚШ спортшысы Майкл Фелпс.
Сейсенбі күні Лондон олимпиадасында суға жүзуден бір алтын (4х200 метрге еркін стильден эстафеталық жарыс) және бір күміс (200 метрге баттерфляй стилімен) медаль иеленген АҚШ спортшысы Майкл Фелпс әлемде олимпиада жүлдесін ең көп алға спортшы атанды.

Қазір Фелпстың еншісінде 19 олимпиада медалі бар, оны 15-і алтын, 2 күміс және 2 қола.

Бұған дейін олимпиада ойындарының тарихында совет гимнастшысы Лариса Латынина (18 медаль, оның 9-ы алтын) ең көп жүлде алған спортшы атанып келген еді. Ол 1964 жылы Токио олимпиадасынан соң үлкен спорттан кеткен.
XS
SM
MD
LG