Accessibility links

Хиллари Клинтон Африкаға сапарын бастады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Сенегалға барды. Африка елдеріне сапары кезінде Клинтон Уганда, Кения, Малави, Гана және Оңтүстік Африка республикасына бармақшы. Оңтүстік Африкада Клинтон сол елдің бұрынғы президенті 94 жастағы Нельсон Манделамен кездеседі деп жоспарланған.

Бұл сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысы білім, ВИЧ/СПИД және даму бағдарламалары туралы айтады. Ал Кения мен Уганда елдерімен ол қауіпсіздік саласындағы әріптестік мәселесін талқылайды.

Хиллар Клинтон Африка сапарының соңында, тамыздың 10-ы күні Ганада болып, сол елдің бұрынғы президенті Джон Атта Миллздың жерлеуіне қатысады.
XS
SM
MD
LG