Accessibility links

Лукашенко екі әскери басшыны қызметтен алды


Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко екі жоғары әскери шенеунікті қызметтен босатты.

Беларусь мемлекеттік шекара комитетінің төрағасы генерал-майор Игорь Рачковский және Беларусь әскери-әуе күштері мен әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы генерал-майор Дмитрий Пахмелкин өз қызмет міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жұмыстан алынған. Өткен аптада президент Лукашенко елдің әуе шекарасын швед ұшағының бұзғаны үшін жауапты шенеуніктердің барлығы жазаланады деп мәлімдеген еді.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, биыл шілденің 4-і күні Литва жағынан ұшып келген шведтік жеке меншік ұшақ Беларусь мемлекеттік шекарасынан өтіп, әуеден 800 ойыншық қонжық тастаған. Ойыншықтарға Беларусь елінде сөз бостандығын қорғауға үндеген жазуы бар парақтар жапсырылған.
XS
SM
MD
LG