Accessibility links

Франция әскери базаны Ауғанстанға берді


Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта) француз сарбаздарымен сөйлесіп тұр. Каписа провинциясы, Ауғанстан, 25 мамыр 2012 ж.

Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта) француз сарбаздарымен сөйлесіп тұр. Каписа провинциясы, Ауғанстан, 25 мамыр 2012 ж.

Франция әскері Ауғанстанның астанасы Кабулдың маңындағы Суроби ауданында орналасқан әскери базаны ауған әскерилеріне өткізіп берді. Бұған дейін Францияның туы желбіреп тұрған әскери базаның төбесіне енді ауған жалауы ілінді.

Франция екі мың сарбазын жылдың соңына дейін Ауғанстаннан шығаруды жоспарлап отыр.

Франция президенті Франсуа Олланд Ауғанстаннан француз күштерінің негізгі бөлігін шығару туралы биыл мамыр айында мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ауғанстанда 1400-ге жуық француз әскері қалып, ауған қауіпсіздік күштерін жаттықтырады және логистикамен айналысатын болады.
XS
SM
MD
LG