Accessibility links

Алматыда полиция операциясынан 9 пәтер зардап шеккен


Ақкент ықшам ауданындағы полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс болған №37 тұрғын үй кешені. Алматы, 30 шілде 2012 ж.
Ақкент ықшам ауданындағы полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс болған №37 тұрғын үй кешені. Алматы, 30 шілде 2012 ж.
Алматыдағы "Ахселькент" ықшам ауданында дүйсенбі күні полицияның жүргізген арнайы операциясынан көпқабатты үйдің 9 пәтері зардап шеккен. Мамандар оларды қалпына келтіру үшін 4,6 миллион теңгеден астам қаржы қажет екенін айтады. Бұл туралы бүгін Tengrinews сайты хабарлады.

"Инфрақұрылым бұзылып, жихаздар бүлінген. Қазір ол пәтерлер газ және жарықтан ажыратылған. Пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстарына қала бюджетінен 4 миллион 668 мың теңге бөлуді сұрап Алматының әкіміне хат жаздық", - деген Алатау ауданы әкімдігінің маманы Ерлан Төлеубаев.

Шілденің 30-ы күні Алматы полициясы арнайы операция барысында қаладағы "Ахселькент" ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің біріне бекініп алған "қарулы топтың көзі жойылғаны" хабарлаған еді. Бұл топтың шілденің 28-і күні Алматы қаласында полиция қызметкеріне жасалған шабуылға қатысы бар деген ақпарат таратылған.

Шілденің 31-і күні Алматы полиция департаменті "Ахселькенттегі" атыста өлген алты адамды "банда" деп сипаттап, олар туралы деректер таратқан еді.
XS
SM
MD
LG