Accessibility links

Ресейде "Хизб ут-Тахрир" мүшесі деген күдікпен 5 адам ұсталған


Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің атауы жазылған киімде тұрған қарулы адам. Көрнекі сурет.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің атауы жазылған киімде тұрған қарулы адам. Көрнекі сурет.

Ресейдің Челябинск қаласында 5 адам «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшелері деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі хабарлады.

Күдіктілерге конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге дайындалған деген айыптар тағылған.

«Хизб ут-Тахрир» қозғалысы ислам халифатын құруды мақсат тұтады. Ресейде, Қазақстанда және Орталық Азияның тағы бірнеше елінде бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG