Accessibility links

Пентагон басшысы Израильге барды


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Израильге барды. Ол осы елдің басшыларымен кездесуде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты және Сириядағы жағдайды талқылайды деп хабарланды.

Бұған дейін Израильдің ақпарат құралдарында Пентагон басшысы осы сапарында Иранға қарсы әскери операцияның жоспарын Израиль жетекшілерімен талқылауы мүмкін екен деген ақпарат жарияланған еді. Бірақ Панетта оны жоққа шығарды.

Оның айтуынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және Израиль қорғаныс министрі Эхуд Баракпен кездесуде тараптар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қауіпті талқылап, сондай-ақ барлау ақпаратымен алмасады.

Израильге дейін Леон Панетта Египетте болып, сол елдің жаңа үкіметімен келіссөздер өткізді.
XS
SM
MD
LG