Accessibility links

АҚШ-та Қазақстан азаматы 27 айға түрмеге қамалды


Судьяның балғасы. Көрнекі сурет.

Судьяның балғасы. Көрнекі сурет.

АҚШ соты сол елге студенттік виза бойынша барған Қазақстан азаматы Данияр Жақсылықты 27 айға түрмеге қамау және жазасын өтеп шыққан соң оны АҚШ-тан депортациялау туралы үкім шығарған. АҚШ әділет департаментінің сайтында жарияланған ақпаратта Жақсылыққа сот үкімі шілденің 30-ы күні шыққаны айтылған.

Айыптаушы тарап Данияр Жақсылықтың биржада алаяқтық жасау оқиғасына қатысып, салдарынан 400 мың АҚШ долларына жуық шығын келгенін айтқан. Сот 26 жастағы Данияр Жақсылықты келтірген зиянының өтемі ретінде 222 мың долларға жуық ақша төлеуге міндеттеді.

Осы іске Жақсылықпен бірге қатысқан, АҚШ-қа студенттік виза бойынша барған тағы бір Қазақстан азаматы Алексей Ли 2012 жылы наурызда Хьюстонда өз айыбын мойындап, үш айға түрмеге қамалған. Сот үкіміне сай, ол өтемақы есебінде 40 мың доллар ақша төлеуге міндетті.

Ал қылмыстық оқиғаға қатысы бар тағы екі адам әзірге бостандықта жүр деп жазылған АҚШ әділет департаментінің сайтында.
XS
SM
MD
LG