Accessibility links

Олимпиада тізімінде Қазақстан 8-ші орында тұр


Дзюдодан кезекті айналымда Египет спортшысын таза жеңіспен (иппон) ұтқан қазақ балуаны Тимур Болат. 1 тамыз 2012 ж.
Дзюдодан кезекті айналымда Египет спортшысын таза жеңіспен (иппон) ұтқан қазақ балуаны Тимур Болат. 1 тамыз 2012 ж.
Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлдеге ие болған елдер арасында Қазақстан құрамасы сегізінші орында тұр. Команданың еншісінде әзірге үш алтын медаль бар.

Олимпиадаға қатысушылар тізімін бұрынғысынша қытай спортшылары бастап келеді. Оларда жиынтық медаль саны 30-ға жетті (17 алтын, 9 күміс, 4 қола). Қытайлардан бір жүлде кем алған АҚШ спортшылары екінші орында (12 алтын, 8 күміс, 9 қола). Үшінші орындағы Оңтүстік Корея командасында медаль саны 12 (6 алтын, 2 күміс, 4 қола).

Ал төртінші орынға көтерілген француздар жиынтық медаль саны бойынша корей құрамасынан бір жүлдені артық алғанымен олардан алтыны кемдеу. Қазір Франция құрамасында 5 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль бар.
XS
SM
MD
LG