Accessibility links

АҚШ конгресі Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді


АҚШ парламентінің ғимараты - Капитолий. Көрнекі сурет.
АҚШ парламентінің ғимараты - Капитолий. Көрнекі сурет.
Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдау туралы бастаманы АҚШ конгресінің сенаты бірауыздан, өкілдер палатасы басым көпшілік дауыспен қолдап мақұлдады.

Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты енгізіліп отырған бұл санкциялар Иранмен энергетика, қаржы және жүк тасымалы салаларында бірлесіп жұмыс істеуге шектеу қояды. Атап айтқанда, Иранмен уран өндіру ісінде серіктес болуға, ол елге мұнай тасымалдаушы танкерлер сатуға, иран мемлекеттік кеме компаниясы және мұнай кәсіпорындарымен әріптестік орнатуға тыйым салынады.

Құжат АҚШ президенті Барак Обамаға қол қоюға жіберілді. Осы аптада Ақ үй Иранның энергетика өнеркәсібіне қатысты өзгедей шектеу шараларын бекіткен еді.

АҚШ және батыс елдері Иран ядролық қару жасауға дайындық жүргізіп жатыр деп күдіктенеді. Бірақ ресми Тегеран оны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG