Accessibility links

Қазақ боксшысы Иван Дычко ширек финалға шықты


Лондон Олимпиадасындағы боксшылар жекпе-жегі. Көрнекі сурет.
Лондон Олимпиадасындағы боксшылар жекпе-жегі. Көрнекі сурет.
Лондон Олимпиадасында бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша өткен кезекті жекпе-жекте Қазақстан құрамасының мүшесі Иван Дычко германиялық спортшы Эрик Пфайферді айқын басымдылықпен жеңді.

Бойы екі метрден асатын Иван Дычконың соққысынан бірінші раундта неміс боксшысы нокдаун алды. Қазақ боксшысының үш раунд бойы рингте бәсекелесіне жаудырған соққыларын есептеген төрешілер Дычконың 14:4 есебімен жеңіске жеткенін жариялады.

Рудныйлық 21 жастағы Иван Дычко енді тамыздың 6-сы күні ширек финалда канадалық Саймон Кэйнмен кездеседі.
XS
SM
MD
LG