Accessibility links

Грузия парламенттік сайлау өтетін күнді белгіледі


Грузия парламентінің жаңа ғимаратындағы сессия. Кутаиси, 26 мамыр 2012 ж.
Грузия парламентінің жаңа ғимаратындағы сессия. Кутаиси, 26 мамыр 2012 ж.
Грузияда кезекті парламент сайлауы биыл қазанның 1-інде өтеді. Бұл туралы ел президенті Михаил Саакашвилидің тиісті жарлығы жарияланды.

Бұл сайлауда елге танымал олигарх, саясаткер Бидзин Иванишвили басқаратын «Грузиялық арман» оппозициялық коалициясы Грузияның қазіргі президентін қолдайтын Грузияның бірыңғай ұлттық қозғалысына негізгі бәсекелес болмақ.

Бұған дейін Иванишвили келесі жылы елде өтетін президент сайлауына түсетінін де мәлімдеген.

Жалғыз палатадан тұратын Грузия парламентінің 150 мүшесі бар. Парламентке аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша, екінші бөлігі бір мандаттық сайлау округтерінен саяси күрес жолымен дауысқа түседі.

2003 жылы қарашада «раушан төңкерісінен» кейін алдымен 2004 жылы қаңтарда, сонан соң 2008 жылы қаңтарда Грузия президенті болып сайланған Михаил Саакашвилидің өкілеттігі алдағы жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG