Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 19 адам жараланған


Көкөніс базарындағы жарылыс болған жерді зерттеп жүрген қауіпсіздік қызметінің өкілі. Лахор, Пәкістан, 1 тамыз 2012 ж.

Көкөніс базарындағы жарылыс болған жерді зерттеп жүрген қауіпсіздік қызметінің өкілі. Лахор, Пәкістан, 1 тамыз 2012 ж.

Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында сәрсенбі күні болған екі жарылыстың салдарынан 19 адам жараланған.

Жарылыстар қаланың орталық тұсында орналасқан көкөніс базарында, жұрт көп жиналған кезде жасалған. Биліктің айтуынша, бомбаның бірі базардың сыртындағы автотұраққа, екіншісі қол арбаның астына қойылған.

Полиция өкілдері жарылғыш зат таймер арқылы іске қосылған дейді.
XS
SM
MD
LG