Accessibility links

Дамаск маңынан ондаған адамның мәйіті табылды


Дамаск маңынан табылған мәйіттер. Дждаидет Артуз елдімекені, 1 тамыз 2012 ж.

Дамаск маңынан табылған мәйіттер. Дждаидет Артуз елдімекені, 1 тамыз 2012 ж.

Сирияның астанасы Дамаск қаласының маңынан кемінде 35 адамның мәйіті табылғаны туралы Лондонда орналасқан Сирияның адам құқығын қадағалау жөніндегі орталығы хабарлады.

Ұйымның таратқан ақпаратында кеше Дждаидет Артуз елдімекеніне келген үкімет әскері жүз шақты адамды ұстап әкеткені, оларды жергілікті мешітке апарып, ұрып-соғып, кейбіреуін атып тастағаны айтылған.

Тұрғындардың сөзінше, бүгін таңертең үкімет әскері мен техникасы кеткен соң көше бойынан және кейбір үйлердің ішінде адам мәйіттері табылған. Сирия мемлекеттік телеарнасы Дждаидет Артузда "ондаған терроршылар мен жалдамалылар қолға түскені немесе көздері жойылғаны" туралы хабарлаған.

Елдің солтүстігіндегі Алеппо қаласында бірнеше күннен бері үкімет әскері мен қарулы көтерілісшілердің арасында ұрыс жүріп жатыр.

АҚШ Сирия көтерілісшілеріне 25 миллион доллардың әскери емес мақсаттағы жәрдемін бөлетіні туралы сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі мәлімдеді.

БҰҰ-ның бас ассамблеясы жұма күні Сирияға қатысты қарар жобасын дауысқа қояды, Бірқатар араб елдері әзірлеген құжат жобасында Сирияның қазіргі президенті Башар Асадты билік басынан кетуге және елдің өтпелі үкіметін құруға шақырған.
XS
SM
MD
LG