Accessibility links

НАТО қолбасшысы Пәкістанға сапармен барады


Пәкістан қарулы күштері бас штабының бастығы Ашфак Парвез Кайяни (сол жақта) және НАТО генералы Джон Аллен.

Пәкістан қарулы күштері бас штабының бастығы Ашфак Парвез Кайяни (сол жақта) және НАТО генералы Джон Аллен.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Джон Аллен бүгін Пәкістанға барады деп хабарланды. Ол Пәкістан қарулы күштері бас штабының бастығы Ашфак Парвез Кайянимен келіссөздер жүргізбек.

Тараптар ауған-пәкістан шекарасының қос беткейіндегі қауіпсіздік ахуалын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылайтыны айтылып отыр.

Бұл Ауғанстандағы НАТО күштеріне арналған жүкті Пәкістан аумағы арқылы жеткізуді қайтадан қалпына келтіру туралы ресми Исламабадтың қабылдаған шешімінен соң генерал Джон Аленнің Пәкістанға алғашқы сапары болмақ.

Былтыр қараша айында НАТО күштерінің жаңылысып әуеден берген соққысы салдарынан пәкістандық 24 сарбаз қаза тапқан соң Пәкістан өз аумағы арқылы Ауғанстанға жүк тасымалдауды тоқтатып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG