Accessibility links

Жаңаөзен ісі бойынша апелляцияны қарау басталды


"Жаңаөзен ісі" бойынша апелляциялық сот залынан көрініс. Ақтау, 2 тамыз 2012 жыл.

"Жаңаөзен ісі" бойынша апелляциялық сот залынан көрініс. Ақтау, 2 тамыз 2012 жыл.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 2 тамыз күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық соты "Жаңаөзен ісі" бойынша сотталған 15 адамның апелляциялық шағымын қарауды бастады. Істі судья Мақсат Бейсембаев жүргізіп отыр.

Сотталушылардың адвокаттары бірқатар арыз-шағым түсірді. Солардың бірі - Ақжанат Аминовтың адвокаты Ардақ Батиева сотталушының әйелінің аяғы ауыр екенін ескеру туралы өтініш жасады.

Сонымен бірге судьяның мәлімдеуінше, жәбірленуші деп аталған жеке кәспікер Қонысбаева өзінің желтоқсан оқиғасы кезінде өртенген киіз үйлер кесірінен шығынға батқаны туралы да арыз түсірген. Алайда оған адвокаттар қарсылық білдіріп, ол арыз-шағыммен ашық таныстыруды өтінді.

Судья адвокаттарға жәбірленуші арызымен танысу үшін 20 минут үзіліс жариялайтынын хабарлады. Қонысбаеваның арызына қатысты ақпарат сотқа қатысушылардың наразылығын тудырды. Алайда Қонысбаеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, шағымында киіз үйі шығынын Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтен сұраған. Ол арызын басқаша мағынада түсіндіріп, бұрмалап отыр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG