Accessibility links

Олимпиадада Қазақстан 10-шы орынға түсті


Су добынан Қазақстан мен Грекия командалары арасындағы кездесу. 2 тамыз 2012 ж.
Су добынан Қазақстан мен Грекия командалары арасындағы кездесу. 2 тамыз 2012 ж.
Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлдеге ие болған елдер арасында Қазақстан құрамасы оныншы орынға сырғыды. Команданың еншісінде әзірге үш алтын медаль бар.

Бүгін қазақ боксшыларынан 52 келі салмақта Ілияс Сүлейменов британдық Энрю Селбимен, ал 69 келі салмақ дәрежесінде Серік Сәпиев жапон Ясухиро Судзукимен рингте кездеседі. Кеше 60 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақ құрамасының мүшесі Ғани Жайлауов үндістандық Джай Бхагванды 16:8 есебімен жеңді. Енді Жайлауов 6 тамызда ширек финалда кубалық Ясниер Толедо Лопеспен күш сынасады.

Сондай-ақ қазақ спортшылары бүгін Лондонда жеңіл және ауыр атлетикадан, дзюдодан сайысқа шығады.

Олимпиадада алған медальдар саны бойынша қазір тізімді Қытай (18 алтын, 11 күміс, 5 қола) және АҚШ (18 алтын, 9 күміс, 10 қола) құрамалары бастап келеді. Үшінші орында Оңтүстік Корея (7 алтын, 2 күміс, 5 қола) командасы тұр.
XS
SM
MD
LG