Accessibility links

Кофи Аннан арнайы өкіл қызметінен кетпекші


БҰҰ және араб елдері лигасының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннан. Женева, 2 тамыз 2012 ж.

БҰҰ және араб елдері лигасының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннан. Женева, 2 тамыз 2012 ж.

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан БҰҰ және араб елдері лигасының Сирия жөніндегі арнайы өкілі қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның ресми мәлімдемесінде Ананның қазіргі мандат мерзімі аяқталған соң, яғни тамыз айының соңынан қызметтен кететіні туралы халықаралық ұйымдарды хабардар еткені айтылған.

Биыл маусымда Аннан Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге арналған жоспары кедергіге ұшырап, іске аспай жатқанын айтып, ол үшін Башар Асадтың режимін кінәлаған еді.

Қазір БҰҰ мен араб елдерінің лигасы Ананның орнына кімді тағайындайтындары туралы кеңесіп жатыр.
XS
SM
MD
LG