Accessibility links

Испанияда теракт әзірлеген деген күдікпен 3 адам ұсталды


2004 жылы Мадридте болған теракт құрбандарына қойылған ескерткіш.
2004 жылы Мадридте болған теракт құрбандарына қойылған ескерткіш.
Испания билігі әл-Каида ұйымының мүшесі деген күдікпен ұсталған 3 адам Еуропа жерінде террорлық шабуыл жасауға дайындалған деп мәлімдеді.

Испания басылымдарының хабарлауынша, Кадиз провинциясында ұсталған үшеуден жарылғыш және улы заттар табылған.

2004 жылы наурыздың 11-і күні Испания астанасы Мадридтегі теміржол станциясында жасалған террорлық жарылыстар салдарынан 191 адам қаза болып, бірнеше жүздеген адам жараланды. Бұл қылмыс үшін жауапкершілікті әл-Каида ұйымының бөлімшесі өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG