Accessibility links

Майкл Фелпс олимпиададағы 20-медалін алды


АҚШ спортшысы Майкл Фелпс. 2 тамыз 2012 ж.

АҚШ спортшысы Майкл Фелпс. 2 тамыз 2012 ж.

Бейсенбі күні Лондон олимпиадасында суға жүзуден 200 метр қашықтыққа кешенді жарыста АҚШ спортшысы Майкл Фелпс үздік шықты.

Сөйтіп, Фелпс олимпиада тарихында 20 медаль алған спортшы атанып отыр (16 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде).

Лондондағы биылғы ойындарға дейін олимпиада тарихында совет гимнастшысы Лариса Латынина (18 медаль, оның 9-ы алтын) ең көп жүлде алған спортшы атанып келген еді. Ол 1964 жылы Токио олимпиадасынан соң үлкен спорттан кеткен.
XS
SM
MD
LG