Accessibility links

АҚШ сенаты Ауғанстанға жаңа елшіні бекітті


АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі қызметіне бекітілген Джеймс Каннингэм. Вашингтон, 31 шілде 2012 ж.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі қызметіне бекітілген Джеймс Каннингэм. Вашингтон, 31 шілде 2012 ж.

АҚШ конгресінің сенаты Джеймс Каннингэмді АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі етіп тағайындау туралы президент Барак Обаманың ұсынысын мақұлдап, оны елші қызметіне бекітті.

Осыған дейін Кабулдағы АҚШ елшісінің орынбасары міндетін атқарған Каннингэм оның алдында АҚШ-тың Израильдегі елшісі болған, сондай-ақ Гонконгте, БҰҰ және НАТО ұйымдарында дипломатиялық жұмыс істеген.

АҚШ-тың Ауғанстандағы бұрынғы елшісі Райан Крокер денсаулық жағдайына байланысты биыл мамырда отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG