Accessibility links

Монғолияның бұрынғы президенті сотталды


Монғолия картасы. Көркем сурет.
Монғолия картасы. Көркем сурет.
Монғолия соты елдің бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды коррупциялық қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танып төрт жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды.

Моңғолияның премьер-министрі, кейін президенті болып жоғары лауазымды қызмет атқарған 54 жастағы Энхбаяр биыл сәуір айында қамауға алынған еді. Тергеу орындары оған ғибадатханаға сыйға тартылған заттарды иемденіп кеткен деген айып тақты.

Экс-президент сот үкімінің саяси астары бар деп мәлімдеп, онымен келсіпейтіні жөнінде шағым беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG