Accessibility links

Шымкентте ірі базар өртенді


Өрт сөндіретін көлік. Көрнекі сурет.

Өрт сөндіретін көлік. Көрнекі сурет.

Бүгін Шымкенттегі үлкен сауда орындарының бірі «Бекжан» базарында шыққан өрттен зиян шеккен жеке кәсіпкерлер базар әкімшілігін кінәлап, ғимаратқа тас лақтырған. Бұдан соң ол жерді полиция мен ішкі істер сарбаздары қоршап тұр деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Полиция сол жерде кәсіпкерлердің арыздарын қабылдау ұйымдастырғаны туралы хабарланып отыр.

Төтенше қызметтің хабарлауынша, өрт туралы суыт хабар таңғы сағат беске таман түскен. Мамандардың айтуынша, базардағы екі қабатты ғимараттан шыққан өрттің аумағы 4 мың шаршы метрді шарпыған.
XS
SM
MD
LG