Accessibility links

Ержан Шынкеев олимпиададан шығып қалды


Қазақ балуаны Ержан Шынкеев (оң жақта) пен Тунис спортшысы Файсел Жабаллаһтың күресі. 3 тамыз 2012 ж.
Қазақ балуаны Ержан Шынкеев (оң жақта) пен Тунис спортшысы Файсел Жабаллаһтың күресі. 3 тамыз 2012 ж.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан ерлер арасында 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күрескен қазақ балуаны Ержан Шынкеев алғашқы белдесуде Тунис спортшысы Файсел Жабаллаһтан жеңіліп қалды.

Тунис өкілі жалғыз ұпаймен (юко) бәсекелесінен басым түсіп, келесі айналымға шықты.

Енді бүгін спорттың осы түрінен әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан Гүлжан Исанова жарысқа Оңтүстік Кореядан қатысып отырған На-Янг Киммен белдеседі.

Бойы 181 сантиметр, салмағы 78 келі Исановадан бәсекелесі биік және екі еседей ауыр: Кимнің салмағы 140 килограмм, бойы - 189 сантиметр.
XS
SM
MD
LG