Accessibility links

Иракта шабуылдардан 8 адам мерт болды


Қала орталығында болған жарылыстың түтіні. Бағдат, Ирақ, 31 шілде 2012 ж.

Қала орталығында болған жарылыстың түтіні. Бағдат, Ирақ, 31 шілде 2012 ж.

Бүгін Иракта жасалған шабуылдар салдарынан кемінде 8 адам опат болып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы ақпарат қауіпсіздік күштері мен дәрігерлерден алынды.

Ирактың солтүстігіндегі Дулуия қаласында жол бойына орнатылған бомба жарылысынан 4 әскери қызметкер мерт болып, тағы төрт адам жараланған.

Ел астанасынан 50 шақырым жерде орналасқан Баакуба қаласында полиция постына белгісіз біреулердің жаудырған оғынан 4 полиция қызметкері қаза тауып, екі адам жараланған.

Өткен айда Иракта жасалған шабуылдар 325 адамның өмірін қиды.
XS
SM
MD
LG