Accessibility links

Дзюдошы Гүлжан Исанова жеңіске жетті


Дзюдодан әйелдер жекпе-жегі. Көрнекі сурет.

Дзюдодан әйелдер жекпе-жегі. Көрнекі сурет.

Бүгін Лондон Олимпиадасында әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен қазақ спортшысы Гүлжан Исанова Оңтүстік Кореяның өкілі На-Янг Кимді жеңіп келесі айналымға шықты.

Атап өтер жайт, бойы 181 сантиметр, салмағы 78 келі Исановаға бұл жолы биік және екі еседей ауыр бәсекелес кездесті: Кимнің салмағы 140 килограмм, бойы - 189 сантиметр.

Бұл жекпе-жекте екі спортшының әрқайсысы бір-бірден "юко" және екі-екіден ескерту алғанымен, қортындысында жеңіс қазақ спортшысына берілді.

Енді бүгін келесі айналымда Гүлжан Исанова британ спортшысы Карина Брайантпен кездеседі.
XS
SM
MD
LG