Accessibility links

Светлана Подобедова алтын жүлде алды


Светлана Подобедова, олимпиада чемпионы атанған қазақстандық ауыр атлет. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл
Светлана Подобедова, олимпиада чемпионы атанған қазақстандық ауыр атлет. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл
Лондон олимпиадасында 75 килограмм салмақта сайысқа түскен қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова аса тартысыты бәсеке кезінде ресейлік спортшыдан үстем шығып, алтын медальға қол жеткізді.

Светлана Подобедова бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған еді. Олимпиада кезінде жұлқа және серпе көтеру бойынша оның жалпы көрсеткіші 291 килограмға жетті. Серпе көтеруден спортшы олимпиада рекордын жаңартты.
XS
SM
MD
LG