Accessibility links

Боксшы Серік Сәпиев жеңіске жетті


Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев.

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев.

Лондон Олимпиадасында бокстан 69 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен алғашқы кездесуінде қазақ боксшысы Серік Сәпиев жапон спортшысы Ясухиро Сузукимен күш сынасты. Бұл жекпе-жекте үш раунд бойы рингте бәсекелесінен басым түскен Сәпиев 25:11 есебімен жеңіске жетті.

Сәпиев енді тамыздың 7-і күні Венесуэла боксшысы Габриэль Маэстре Перезбен сайысады.

Ал жұма күні 52 келі салмақ дәрежесінде рингке шыққан Қазақстан құрамасының мүшесі Ілияс Сүлейменов британ боксшысы Эндрю Селбиден 15:19 есебімен жеңіліп қалды.

Жұма күні ауыр атлетикадан әйелдер арасында өткен бәсекеде Светлана Подобедова Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша Қазақстанның құрамасы өз тарихында алғаш рет бір олимпиада ойындарында төрт бірдей алтын жүлдеге ие болып отыр.

Қазір командалық есепте 43 жүлде (21 алтын, 10 күміс, 12 қола) иемденген АҚШ спортшылары тізім бастап келеді. Қазақстан құрамасы тоғызыншы орында тұр.
XS
SM
MD
LG