Accessibility links

Жаңаөзенде кафедегі жарылыстан 3 адам зардап шеккен


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.
Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.
Бүгін Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында кафелердің бірінде жарылыс болғаны туралы хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында болған төтенше оқиға салдарынан үш адам - бір әйел және екі ер адам зардап шеккен. Әртүрлі дәрежедегі күйікке шалдыққан олардың ауруханаға жеткізілген.

Оқиға болған жерді тексерген төтенше қызмет өкілдері жарылысқа кафеге келетін орталық газ құбырындағы ақау себеп болған деген долбар жасап отыр.
XS
SM
MD
LG