Accessibility links

Жаңаөзен билігі митинг өткізуге рұқсат бермеді


«Құқықтық тәртіп» шарасын атқарып жүрген полицейлер көшедегі адамдарды тексереді. Жаңаөзен, 1 тамыз 2012 жыл.
«Құқықтық тәртіп» шарасын атқарып жүрген полицейлер көшедегі адамдарды тексереді. Жаңаөзен, 1 тамыз 2012 жыл.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының атқарушы билігі орталық алаңда митинг өткізуге рұқсат сұраған бір топ азаматтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты деп хабарлады бүгін Жаңаөзеннен Азаттық тілшісі.

«Заман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсем Нұрғазиева мен тағы бірнеше адамның атына тамыздың 3-і күні қала әкімі Серікбай Тұрымовтан келген жауапта былай делінген:

«30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесін атап өту үшін «Тәуелсіздік» алаңында бүгінгі таңда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар орталық алаң қала тұрғындарының демалатын орны болып табылады. Қала әкімдігі осы айтылғандарға түсіністікпен қарауыңызды сұрай отырып, мереке алдындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында, сондай-ақ жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында митингіні өткізуге рұқсат берілмейтіндігін хабарлайды».

Бұған дейін бір топ тұрғын Жаңаөзен қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында тамыздың 29-ы күні «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары» атты митинг өткізуге рұқсат сұрап жергілікті әкімге хат тапсырған еді.
XS
SM
MD
LG