Accessibility links

Йемендегі терактіден жиырма адам қаза болды


"Әл-Қаида" сарбаздарымен шайқас орны. Йемен тұрғыны. 18 маусым 2012 жыл

"Әл-Қаида" сарбаздарымен шайқас орны. Йемен тұрғыны. 18 маусым 2012 жыл

"Сенбі күні Йеменде болған жарылыста, 20 адам қаза болып, тағы да 20-шақты адам жараланды" деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Бұл ақпараттарға қарағанда, бір топ адам жиналып, жерлеу рәсімін өткізіп жатқанда өзін-өзі жарып жіберген террористтің әрекеті «исламшылдармен» күресте Йемен әскеріне жәрдемдесіп жүрген халықтық қарсылық комитетіне бағытталған.

2011 жылы үкіметке қарсы күштердің қимылынан кейінгі толқу кезінде «Әл-Қаида» сарбаздары Йеменнің оңтүстігінің бірсыпыра өңірін басып алған болатын. Содан бері үкімет әскері мен оны қолдаған тайпалық одақтар «Әл-Қаида» сарбаздарымен күресіп келе жатқан еді.
XS
SM
MD
LG