Accessibility links

Түркияның 40 генералы зейнетке шығарылды


Түркия премьер-министрі Тайып Ердоған әскери кеңес мүшелерімен бірге. Анкара, 30 қараша, 2010 жыл

Түркия премьер-министрі Тайып Ердоған әскери кеңес мүшелерімен бірге. Анкара, 30 қараша, 2010 жыл

Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, жоғары шенді офицерлерді зейнетке жіберу туралы шешімді Түркияның Жоғары әскери кеңесі қабылдап, Түркия президенті бекіткен.

2008 жылы «Реджеп Тайып Ердоғанның үкімет билігін төңкермек болды» деген күдікпен Түркияның жүздеген офицері қамауға алынған еді. Олар бұл жоспарды 2003 жылдан бері құра бастаған делінеді.

Түркия саясатына ұдайы ықпал етіп отыратын әскерилер мемлекеттің зайырлы қалпын сақтап, биліктің ислам дініне біржола бет бұруына жол бермеуді көздейтінін айтады ақпарат құралдары.

Биыл, яғни 2012 жылы да зейнетте жүрген ондаған офицер, арасында төрт генерал бар, «1997 жылы билікті кетіруді ұйымдастырды» деген айыппен қамауға алынған болатын. Ол кезде әскерилер түрік қоғамында діни көңіл-күйдің күшеюіне жол берген Нежмеддин Ербақан үкіметін орнынан түсуге мәжбүрлеген еді.
XS
SM
MD
LG