Accessibility links

Сирияның тағы бір генералы оппозицияға өтті


Сириялық көтерілісшілер. Алеппо қаласының солтүстігіндегі Сэлхин ауданы. 31 шілде, 2012 жыл

Сириялық көтерілісшілер. Алеппо қаласының солтүстігіндегі Сэлхин ауданы. 31 шілде, 2012 жыл

"Сирияның тұңғыш астронавты, генерал Мұхаммед Ахмед Фарис оппозиция жағына өтіп, бүгін Түркияға келді" деп хабарлайды түрік баспасөзі.

Сирияның маңызы жағынан екінші қаласы болып саналатын Алеппо үшін шайқас толастамай, үкімет күштері көтерілісшілерді зеңбірекпен атқылап, ұшақпен бомбалап жатыр.

Көтерілісшілерден құралған «Азат Сирия әскері» өкілдерінің айтуынша, оппозиция жақтастары Алеппоға жасалатын жаппай шабуылға тойтарыс беруге дайыналуда.

БиБиСи-дің мағлұматына қарағанда, қала мен оның төңірегіне 20 мыңнан астам Сирияның үкімет күштері шоғырланған.

Сирия билігі көтерілісшілерді Дамаск қаласының барлық аудандарынан ығыстырып шығарғандарын айтады. Иран дипломаттары мен Сирияның мемлекеттік телеарналары таратқан ақпараттар бойынша, "қарулы топтар" діни ғибадат жолындағы 48 ирандық мұсылманды Дамаск түбінде ұрлап кеткен".

Ал «әл-Арабия» телеарнасы «Азат Сирия әскерінің» өкілі "көтерілісшілердің Дамаск қаласында барлау жұмыстарымен шұғылданып жүрген Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қызметкерлерін қолға түсірді" деп мәлімдегенін көрсетті.

"ИРНА" ақпарат агенттігі, Тегеранның Түркия мен Катарға қолқа салып Дамаскіде қолға түскен ирандықтарды босатуға ықпал етуге шақырғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG