Accessibility links

Египет Израильмен шекара бекетін уақытша жапты


Израиль-Египет шекарасы.
Израиль-Египет шекарасы.
Египет билігі Газа секторымен шекарадағы Рафах өткізу бекетін уақытша жапты. Жексенбіде осы бекеттен өтіп кеткен террористік "Ұлы жиһад" тобының мүшелері Карм-Абу-Салем бекетіне шабуыл жасаған. Жиыны 16 адам - египет шекарашылары мен солдаттары құрбан болған, бұдан өзге жеті адам жараланған.

Шабуыл жасағандар екі бронды әскери көлікті тартып алып, одан ары Израильге өтіп кеткен. Израиль әскерилері оның бірін ел аумағында жойып жіберген. Шабуыл жасаған "Ұлы жиһад" тобының жауынгерлерінің барлығы да қаза тапқан. Израиль арнайы қызмет өкілдерінің мәліметінше, топ Израильде ірі терактілер жасауды жоспарлаған.

Египет билігінің хабарлауынша, террористік топ мүшелері шекарадан екі көлікпен өтіп, Карм-Абу-Салем шекара бекетіне шабуыл жасаған.

Египет президенті Мұхаммед Мурси шабуылдан соң әскерилермен өткізген төтенше жиында Синай түбегі қайтадан толықтай бақылауға алынады деді.
XS
SM
MD
LG