Accessibility links

Италия премьері: ЕО елдері бөлшектелуі мүмкін


Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти қаржы дағдарысы Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдерінің арасына жік түсіріп, бөлшектеуі мүмкін деген қауіп айтты. Бұл туралы болжамды ол немістің Der Spiegel басылымына берген сұхбатында жасады.

Ал Еуропа комиссиясы, Еуропаның орталық банкі мен Халықаралық валюта қорының өкілдері Грекияның жаңа коалициялық үкіметімен өткізген келіссөздерінен соң Афиныдан кетіп қалды. Халықаралық валюта қорының өкілі Пол Томсен келіссөздерде қос тараптың бірқатар мәселе бойынша мәмілеге келгенін айтты. Келіссөздер енді қыркүйекте қайта жалғаспақ.

Грекия халықаралық қауымдастықтан тағы көмек сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG