Accessibility links

Ливияда теракті жоспарлағандарға қарсы операция болды


Ливияның картасы.

Ливияның картасы.

Ливияда жеті жерде жарылыс жасамақ болды деген қарулы үш адамның көзі жойылды. Оларды ұстау операциясы ел астанасы Триполиден 40 шақырым жердегі Азизия қаласында өтіп, арнайы күштердің 5 жауынгері жараланды.

Жексенбңде Қызыл Крест халықаралық комитеті Мисурата қаласындағы кеңсесіне гранатометтен шабуыл жасалған соң ол қаладағы жұмысын тоқтатқан. Кеңсеге кәдімгідей зақым келгенімен, ешкім зардап шекпеген.

Қызыл Крест комитеті таратқан мәлімдемесінде өздеріне Бенгази мен Мисурата қалаларында соңғы үш айда осымен бесінші рет шабуыл жасалғанын айтады.
XS
SM
MD
LG