Accessibility links

Жапонияда атом бомбасының құрбандарын еске алды


Жапондықтар атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алып тұр. Хиросима, 5 тамыз 2010 жыл.

Жапондықтар атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алып тұр. Хиросима, 5 тамыз 2010 жыл.

Бүгін Жапонияның Хиросима қаласында АҚШ-тың 1945 жылы атом бомбасын тастағанына 64 жыл толғанын еске алды.

Атом бомбасынан зардап шеккен мыңдаған адам, олардың туыстары, билік өкілдері мен шетел делегациясы Хиросимада атом бомбасы жарылған жердегі мемориалдық паркке жиналып, бомбалаудан құрбан болғандарды еске алды.

1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың барысында - 6 тамызда АҚШ Хиросима қаласына алғашқы атом бомбасын тастап, 140 мыңға тарта адам құрбан болған. Бұдан сәл кейін Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тасталып, Жапония жеңілгенін мойындады.

Хиросима қаласының мэрі Казуми Мацуи еске алу шарасында Жапония қарусыздану жайын өз қолына алу керек деді. Ол өткен жылы Фукусима атом электр станциясында болған апат ядролық технологияны тіпті бейбіт мақсатта қолданудың өзі қауіпті екенін көрсетті деді.
XS
SM
MD
LG