Accessibility links

АҚШ Марсқа аппарат қондырды


NASA агенттігі түсірген Марсқа қонған Curiosity ғарыш аппаратының көрінісі. 6 тамыз 2012 жыл.
NASA агенттігі түсірген Марсқа қонған Curiosity ғарыш аппаратының көрінісі. 6 тамыз 2012 жыл.
АҚШ-тың Curiosity ғарыш аппараты бүгін таңертең Марс ғаламшарына қонды. NASA ғарыш агенттігінің хабарлауына қарағанда, ғарыш аппаратынан Марсқа қонғаны туралы сигналдар келген.

Марс аппараты автокөліктің көлеміндей болғандықтан оны қондырудың жаңа жолдарын іздестіру керек болған. Ғарыш аппараты Марста енді екі жылдай болады деген жоспарланып отыр.

Аппарат ғаламшарда микроорганизмдер тіршілік ете алады деген болжамды зерттемек.

Curiosity аппаратын ұшыруға АҚШ 2 миллиард АҚШ долларын жұмсады. АҚШ 1970 жылдардың ортасынан бері ғарышқа осымен екінші астробиологиялық аппарат ұшырып отыр.
XS
SM
MD
LG