Accessibility links

Қазақстандық палуан қола жүлде алды


Қазақстандық палуан Даниял Гаджиевтің (көк) беларусьтік қарсыласын жеңген белдесуі. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл

Қазақстандық палуан Даниял Гаджиевтің (көк) беларусьтік қарсыласын жеңген белдесуі. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл

6 тамыз күні Лондон олимпиадасында грек-рим күресі бойынша 84 кг салмақта сайысқа түскен қазақстандық палуан Даниял Гаджиев қола медаль жеңіп алды.

Гаджиев алғашқы кездесуінде болгар палуанын жеңіп, ширек финалға шыққан еді. Бірақ ресейлік қарсыласынан ұпай санымен ұтылып, қола жүлде үшін екі мәрте белдесуіне тура келді. Әуелі Беларусьтің палуанын жыққан Гаджиев шешуші белдесу кезінде грузин палуанынан басым түсті.

Күрестің осы түрінен 120 кг салмақта жарысқа шыққан қазақстандық балуан Нұрмахан Тінәлиев алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. Ал 60 кг салмақта жүлдеден үміткерлердің бірі саналған Алмас Кебіспаев әуелі чемпион атанған ирандық палуаннан ұтылып, кейін қола жүлде үшін тартысты белдесу кезінде жапониялық қарсыласынан ұпай саны бойынша ұтылды.

Дәл осы күні өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Марина Вольнова әйгілі ұлыбританиялық қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты.
XS
SM
MD
LG