Accessibility links

Сирия көтерілісшілері: Кепілдегі 3 ирандық қаза тапты


Сирия көтерілісшілері кепілге алған ирандықтар туралы "Әл-Арабия" телеарнасы таратқан ведеодан көрініс. 5 тамыз 2012 жыл.

Сирия көтерілісшілері кепілге алған ирандықтар туралы "Әл-Арабия" телеарнасы таратқан ведеодан көрініс. 5 тамыз 2012 жыл.

Сирия көтерілісшілері өткен аптада кепілге алған Иранның 48 азаматының үшеуі Дамаскіні бомбалау кезінде қаза тапты деп мәлімдеме таратты.

Көтерілісшілердің "Әл-Бараа бригадасы" тобының жетекшісі Абдель Насер Шмеир Сирия билігінен әуеден соққы беруді тоқтатуды талап етті. Талап орындалмаған жағдайда кепілдегілердің барлығын өлтіретіндерін айтып ескерту жасады.

Ирандықтар мінген автобусты көтерілісшілер өткен аптаның сенбісінде басып алған. Иран билігі кепілге алынғандардың барлығы шиит діндарлары екенін айтады. Бірақ көтерілісшілер оларды Сирияға тыңшылық мақсатта барған Иранның Ислам революциясын қорғау корпусының солдаттары деп отыр.
XS
SM
MD
LG