Accessibility links

Ольга Рыпакова Алматыға келді


Ольга Рыпакова, олимпиада чемпионы. Лондон, 3 тамыз.

Ольга Рыпакова, олимпиада чемпионы. Лондон, 3 тамыз.

Лондон олимпиадасында ұзындыққа секіруден чемпион атанған Ольга Рыпакова тамыздың жетісіне қараған түні Қазақстанға оралды. Рыпакова Алматыға ауыр атлет Илья Илиннен үш сағаттан кейін, түнгі сағат 2 шамасында келді.

Жеңіл атлетті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен журналистер, жанкүйерлер, әртістер қарсы алды.

Ольга Рыпакова тамыздың 5-і күні үш қарғып секіру жарысында 14.98 метрге секіріп, Қазақстанның қоржынына алтыншы алтынды салды.
XS
SM
MD
LG