Accessibility links

Әзірбайжанның Сириядағы елшілігі жұмысын тоқтатты


Үкімет әскерімен ұрысып жүрген "Сирия ерікті армиясы" көтерілісшілерінің жауынгерлері. Алеппо, 5 тамыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Үкімет әскерімен ұрысып жүрген "Сирия ерікті армиясы" көтерілісшілерінің жауынгерлері. Алеппо, 5 тамыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі бүгін Сириядағы елшілігінің ондағы қауіпсіздікке алаңдап, қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.

Министрліктің хабарына қарағанда, Сириядан елшілік қызметкерлерінен өзге Әзірбайжанның 60 азаматы шығарылған. Қазір мұнда ешқандай әзірбайжандық қалмады.

Әзірбайжан жағы Сириядағы жағдайдың таяу арада тұрақталатынына және елшілік жұмысының қайта жалғасатынына сенім білдірді.

Осы уақытқа дейін бірнеше ел Сириядағы елшілерін шығарып алды.
XS
SM
MD
LG