Accessibility links

Серік Сәпиев жартылай финалға шықты


Боксер Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.
Боксер Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.
Лондон олимпиадасында 69 кг салмақ бойынша сайысқа түсіп жатқан қазақстандық боксшы Серік Сәпиев 7 тамыз күні өткен ширек финалда венесуэлалық қарсыласын 20-9 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Серік Сәпиевтің келесі қарсыласы - ресейлік Андрей Замковой. Жекпе-жек 10 тамыз күні кешкісін өтеді (Астана уақыты бойынша 11 тамызға қараған түнгі 02.45 шамасы). Замковой ширек финалда америкалық қарсыласын ұпай саны бойынша жеңді.

69 кг салмақта ширек финалда жұдырықтасқан төрт жұптың ішінде француз қарсыласынан күмәнді жағдайда әрең басым түскен украиналық Тарас Шелестюк жартылай финалда ұлыбританиялық Фредди Эванспен кездеседі. Эванс та ширек финалда канадалық қарсыласымен тең түсіп, төрешілердің ұйғарымы бойынша жеңіске ие болды.
XS
SM
MD
LG