Accessibility links

Египет шекара бекетіне шабуыл жасалды


Египет-Израиль шекарасы. Көрнекі сурет.

Египет-Израиль шекарасы. Көрнекі сурет.

Египетте бүгін таңертең белгісіз қарулы адамдар Синай түбегіндегі Израильмен шекарадағы бекетке шабуыл жасады. Египеттің MENA агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Египет премьер-министрі Хишам Кандилмен телефон арқылы сөйлескенде Каирдің Синай түбегінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салып жатқанына қолдау білдірген.

Жексенбіде Египеттің Рафах қаласындағы шекара бекетіне шабуыл жасалып, египеттік 16 әскери мен шекарашы қаза тапқан еді. Президент Мұхаммед Мурси бұдан соң Синай түбегіне толықтай бақылау орнатуға уәде берді.
XS
SM
MD
LG