Accessibility links

Пәкістан соты премьерді жауапқа шақырды


Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф.

Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф.

Жоғарғы сот премьер-министр Раджа Первез Ашрафтан президенттің үстінен қозғалған коррупцялық істі қайта ашуға неге бұйрық шығармай отырғанын білмек.

Бұл қадам - премьер мен жоғарғы соттың арасындағы ұзаққа созылған кикілжіңнің соңғы көріністерінің бірі. Осыдан екі ай бұрын сот Ашрафқа дейінгі премьер Юсуф Раза Гиланиді президентке қатысты іске құлықсыздық танытты деп айыптап, қызметінен алып тастаған еді.

Жоғарғы сот премьерден Швеция билігіне президент Асиф Әли Зардаридің үстінен қозғалған коррупциялық істі қайта қарауды сұрап, хат жазуын қалап отыр. Бірақ үкімет президент Зардари қылмыстық жауапкершіліктен босатылған дегенді алға тартып, одан бас тартып отыр.

Премьер-министр сотқа 27 тамызда баруы тиіс.
XS
SM
MD
LG