Accessibility links

Ламаға Светлана Подобедованың аты қойылды


Светлана Подобедова. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл.
Светлана Подобедова. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл.
Алматы зоопаркіндегі жаңа туылған ламаға олимпиада чемпионы, зілтемірші Светлана Подобедованың аты қойылды. Бұл туралы Bnews.kz сайты жазады.

Зоопарк әкімшілігіндегілердің айтуынша, лама биыл 31 шілдеде туған. "Атын Светлана Подобедова сияқты атақты болсын деген тілекпен қойдық" дейді басшылық.

Ламаның мойнына Подобедованың аты жазылған тақтайша ілінген.
XS
SM
MD
LG